Индира РЫСТИНА, ҚР Президенті жанындағы  Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері: Партияның басты күші – халық

Индира РЫСТИНА, ҚР Президенті жанындағы  Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері: Партияның басты күші – халық
almaty-akshamy.kz

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтті. Партия AMANAT деп атын өзгертті. Съезде атауынан басқа, көптеген өзгерістер орын алды. Бүгінгі таңда саяси алаңның ең басты критерийі – қазіргі қоғамның талаптарын есепке алу.

Әрбір саяси институт өзгерістерге ұшырауы тиіс. Әсіресе, халықтың мүдделерінен шығатын саяси партиялар үшін бұл қалыпты жағдай. Саяси партияның теориясы бойынша партияның сыртқы және ішкі функциялары бар.

Ішкі функцияларға партияның құрылымы мен қаржыландыруы кіреді. Ал сыртқы қызмет халықпен қарым-қатынас орнатуға, биліктің халық мүдделерін негізге алуға ұмтылуына бағытталған. Сондықтан кез келген саяси партияның басты күші – халық. Оның қызметі де халыққа байланысты. Яғни, партияның басты мақсаты – халықты толғандыратын мәселелерді шешуде болуы тиіс.

Партияның аудиториясы кең, мүшелері көп, электораты бар. Егер партия бұл аудиторияның ой-пікірлерін жинауға, проблемаларды талдауға және оларды өкілетті арналар арқылы шешуге бағытталған жұмысты тұрақты негізге қоятын болса, онда ол қоғамдағы қарсылықты азайта алады.