Айдос Бектемір, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:  Нағыз халықтың партиясы болуы керек

Айдос Бектемір, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:  Нағыз халықтың партиясы болуы керек
qazaqstan.tv

Партияның аты ғана емес, жүйесі, маңызы мен мағынасы өзгеру керек деп санаймын.

Бағдарламасы халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс істеуі керек. Шетелдік тәжірибеге сүйеніп, «Аманат» сияқты бірнеше партия ашу керек. Қай партия болмасын, бастысы, партия халықтың жағдайын ойлап, солардың мүддесі үшін жұмыстану керек.

Осы кезге дейін болған қиыншылықтар мен кемшіліктер халықтың сөзін сөйлейтін партияның жоқтығы деуге толық негіз бар.

«Аманат» партиясы халықтың партиясы болады деп сенім білдіремін.