Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөз

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы саналады.

Оның құрамына мүше мемлекеттердің басшылары, атап айтқанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Президенттері кіреді. Дәл осы кеңестің келісімімен ҰҚШҰ бас хатшысы тағайындалады.

ҰҚШҰ бас хатшысы ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы саналады және ұйым хатшылығына басшылық жасайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бұл қызметті Беларусь елінің өкілі генерал-лейтенант Станислав Васильевич Зась атқарып келген болатын.