Шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөлінді

Шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөлінді
Сурет: 24.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен облыстар мен қалалар арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Квоталар:

  • шетелдік және маусымдық қызметкерлердің санаттары бойынша - барлығы 28 352 адамға;
  • еңбек иммигранттарын тартуға - барлығы 220 000 адамға бөлінді.

Мәселен, Алматыда жұмысқа 2659 шетелдікті, 25 мың еңбек иммигрантын, Нұр-Сұлтанда 1660 шетелдікті, 20 мың еңбек иммигрантын, Шымкентте 501 шетелдікті және 20 мың еңбек иммигрантын тартуға болады.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.