Қазақстан каскадерлері Голивудтың «Киллер кодексі» фильміне түсті

Қазақстан каскадерлері Голивудтың «Киллер кодексі» фильміне түсті
сурет: Inform.kz

Қазақстан каскадерлары танымал америкалық актерлармен фильмге түсті.

Қазақстанның «Nomad Stunts» каскадерлері танымал америкалық актер Сэмюэл Лерой Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Голивудтың «Киллер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шықты. Онда басты рөлдерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына «Nomad Stunts» тобындағы қазақстандық каскадерлер де жұмылдырылған.

«Жобаға жалпы «Nomad Stunts» тобының 10 каскадері қатысты. Айта кетерлігі, каскадерлер экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сонымен қатар эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысты», - деп жазды «Nomad Stunts» тобы Instagram-дағы парақшасында. 

Қазақстандық актерлер бандиттердің, босқындар мен оққағарлардың, шекарашылар мен бейбіт тұрғындардың рөлінде ойнады. Туынды режиссері «Рояль казиносы», «Зорра маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильмдермен жұмыс істеген мартин Кэмпбелл болды. Түсірілім жұмыстары Румынияда өтті.