«Имам барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Имам барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды
muftyat.kz

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі және Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Имам барысы» атты турнир өз мәресіне жетті.

Шара шымылдығын Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы ашқаннан кейін, Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының міндетін атқарушы Ақжол Маратұлы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, грек-рим күресінен 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің, Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнібекұлы, Республикалық Таэквандо Федерациясының құрметті президенті, қара белбеу 5 дан иегері Советхан Қоспақұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Боз кілем үстінде өткен додада балуандар 80 келіге дейін және +80 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.

30 балуан қатысқан доданың нәтижесі:

– 80 кг салмақ:
1. Оңғарбек Дамир (Еңбекшіқазақ ауданы) – кіші қажылыққа жолдама.
2. Исабаев Руслан (Талғар ауданы).
3. Қабылхан Алмат (Талғар ауданы).

+ 80 кг салмақ:
1. Сабуров Асанғожа (Қарасай ауданы) – кіші қажылыққа жолдама.
2. Абдулмажит Абдулқадырұлы (Қарасай ауданы).
3. Аврай Бейсенбі (Жамбыл ауданы).

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл спорттық шараның мақсаты дін қызметкерлерінің ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.