«Иә, бұл – сұмдық...»

«Иә, бұл – сұмдық...»
Сурет: Tengrinews.kz

Кешегі оқиғаға қатысты Бишімбаевтың бұрынғы әйелі пікір білдірді.

Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан соң ажырасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы жазған Tengrinews.kz мәліметінше,  Назым бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кеше оқиғаға байланысты оған көптеген қоңырау түскен.

"Иә, бұл - сұмдық. Қоңыраулар келе бастағанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

"Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмағанымызға одан көп болды. Біз сирек араласатынбыз, тек балалар тақырыбында. Балаларға көмектесетін, араласатын, бірақ соңғы жылы өте сирек. Бұл - трагедия. Салтанаттың отбасына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым.