Головкин мен «Канело» соңғы баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты

Головкин мен «Канело» соңғы баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты
Сурет: sports.kz

Оның стратегиясы анағұрлым агрессивті, ал мен көбіне тәжірибеме сүйенемін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39КО) үшінші жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Бұл жерге оралғаныма қуаныштымын. Соңғы сапарымнан кейін төрт жыл өтті. Қазір мен осындамын. Меніңше, бұл бүтін бокс әлемі үшін ең үлкен күн. Фанаттарға ең үлкен сый. Өзімді жайлы сезінемін, мен бабымдамын, мен дайынмын. Жеңіске жететініме, өз-өзіме, өз командама, маған қолдау білдіріп отырған адамдарға сенімдімін. «Канело» екеуіміз кәсіпқой спортшымыз. Оның стратегиясы анағұрлым агрессивті, ал мен көбіне тәжірибеме сүйенемін. Көреміз. Ринг кімнің мықты екенін көрсетеді. Бұл өмірде бәрі де болуы мүмкін», - деді Головкин.