Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөзі

Головкин мен Зерафа командалары арасында жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім бар

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аустралиялық Майкл Зерафамен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы аустралиялық боксшы жергілікті спорт арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Головкин мен Зерафа командалары арасында жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім бар. Қос тарап келер жылы наурыз айында Аустралияда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Майкл Зерафа мансабында 34 мәрте шаршы алаңға шығып, оның 30-нда жеңіске жеткен.