Гауһар тас 35 миллион долларға бағаланбақ

Гауһар тас 35 миллион долларға бағаланбақ
Сурет: видеодан алынды

Женевада аукциондық сауда тарихындағы ең ерекше гауһар тас сатылымға шығарылды.

Алмұрт пішінді асыл тастың салмағы – 17,6 карат. Ал оның түсін зергерлер «қиял-ғажайып ашық көк» деп атады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  Бұл – көгілдір және көк түсті гауһар тастардың 1%-ін ғана құрайтын түс градациясының ең жоғары сатысы. Болжам бойынша, ұсынылған гауһар 35 миллион долларға сатылуы мүмкін. Айта кетерлігі, түрлі-түсті гауһар тастың ішінде көк түстестері ең сирек кездесетіні және құндысы саналады. Статистикаға сәйкес жер бетінде өндірілген 10 мың гауһардың тек біреуі көк реңкке ие екен.