Ғалымдар күрделі геометриялық есептерді шешетін интелект ойлап тапты

Ғалымдар күрделі геометриялық есептерді шешетін интелект ойлап тапты
Сурет: видеодан алынды

Американдық математиктер күрделі геометриялық есептерді шеше алатын технологиялық жүйе ойлап тапты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жасанды интеллектінің көмегімен жасалған тың дүние білім бәйгелеріндегі тапсырмаларды жылдам шеше алады. Тіпті халықаралық олимпиадада қолданылатын 30 сауалдың 25-ін кідірмей дұрыс тапқан. Мұны қазылар алқасы да құптап отыр. Енді нейрожеліні мұнан да күрделі тапсырмаларды орындауға қолдану керек дейді ғалымдар.