Ғалымдар әйелдің ВИЧ-тен емделіп шыққанын хабарлады

Ғалымдар әйелдің ВИЧ-тен емделіп шыққанын хабарлады
Сурет: Gazeta.ru

Дертті орта жастағы әйел жеңіп шыққан.

Дәрігерлер кіндік қанының трансплантациясы арқылы әйелді ВИЧ-тан емдеп шықты. Бұл жағдай туралы мамандар АҚШ-тың Денвер қаласында ретровирустар мен оппортунистік инфекцияларға арналған конференцияда айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.  

The New York Times басылымының мәліметінше, әйелде ақ қан ауруы да болған. 2017 жылы қатерлі ісік ауруын емдеу үшін ол адамның иммунитет тапшылығы вирусының (АИТВ) жасушаларға енуін блоктайтын мутациямен жартылай үйлесімді донордан кіндік қанын ауыстырып құйған. Сондай-ақ ол трансплантация сауығу кезінде иммундық қорғаныс беру үшін жақын туысынан қан құйды, бұл шара шамамен алты аптаға созылған. 

Науқас трансплантациядан кейін, яғни 37 айдан кейін антиретровирустық ем қабылдауын тоқтатқан. 14 айдан астам уақыт өткен соң, оның қан анализінде АИТВ-ның дәлелі жоқ болып шыққан және вирусқа антиденелер анықталмаған. 

Әйелдің орта жастағы адам екені белгілі және ол аралас нәсілден болып келеді. 

Бұдан бұрын АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу барысында қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамдарға АИТВ-инфекциясын блоктайтын мутацияға ие донорлардан сүйек кемігін ауыстырып салынған болатын Олар ауыр жанама әсерлерге тап болған, себебі трансплантатқа қарсы ауру пайда болды, өйткені бұл процедура үшін үйлесімді донор табу өте қиын. 

ВИЧ-тен айыққан бірінші адам - «Берлиндік пациент» атанып келген Тимоти Рэй Браун 2020 жылы лейкоздың қайталануынан қайтыс болды. 2011 жылы емделген уақыттан қайтыс болғанға дейін оның талдауларында ВИЧ індеті болған жоқ. 

АИТВ-ны сүйек кемігін ауыстыру арқылы жеңген тағы бір науқас лондондық Адам Кастильехо болды.