Футболдан әлем чемпионатына Германия қатысады

Футболдан әлем чемпионатына Германия қатысады
Сурет: Тhe-challenger.ru

Футболдан Германия құрамасы ерледі

Германия әлем чемпионатының алғашқы қатысушысы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ханс-Дитер Флик баптайтын жігіттер іріктеу кезеңінің кезекті турында Солтүстік Македония құрамасымен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты.

Қорытынды есеп: 4:0. Соның арқасында 21 ұпаймен J тобының бірінші сатысында тұр. Одан кейін Румынияда 13, Македонияда 12 ұпай бар.

Дәлірек айтқанда, Германия құрамасын ешкім қуып жете алмайды деген сөз. Соның арқасында әлем чемпионатына уақытынан бұрын жолдама алып қойды. Дүниежүзілік дода алдағы жылы Катарда өтеді.

Ал Катар құрамасы аладоп аламанын қабылдаушы ел ретінде жарысқа іріктеусіз қатыса береді.