Футболдан Конференция лигасында «Астана» «Ракувтан» ойсырай жеңілді

Футболдан Конференция лигасында «Астана» «Ракувтан» ойсырай жеңілді
Сурет: Дереккөз

Қарымта ойын 28 шілдеге белгіленген

Қазақстандық «Астана» UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын сырт алаңда Польшаның «Ракув» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Кездесуді алаң иелері белсенді бастады. Нәтижесінде олардың қатарынан Иван Лопес 4-минутта есеп ашып кетті. Бұдан кейін қазақстандық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен ойлаған мақсатына жете алмай жатты. Бірінші кезеңнің 21-минутында «Ракув» ойыншысы Деян Сореску қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан соң «Астана» басымдықты арттырған секілді еді. Польшалық клуб негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Ойынның 41-минутында «Ракув» сапынан Матеуш Вдовяк елордалық команда қақпашысын қапы қалдырып, есепті үстемелей түсті. Ал польшалық командада Владислав Гутковский – 65, Владислав Кочергин 76-минуттарда гол соқты. Сондай-ақ 95-минутта елордалық команда қақпасына белгіленген пенальтиден Фран Тудор мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Астана» қарсыласына 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Қарымта ойын 28 шілдеге белгіленген. Еске салсақ, 21 шілдеде аталған турнирде Петропавлдың «Қызылжары» хорватиялық «Осиек» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ «Тобыл» жеңіп, «Қайрат» қарсыласына есе жіберді.