Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді
сурет: Inform.kz

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Жер сілкінісі 22 шілде күні Алматы уақытымен 06 сағат 37 минут 34 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 428 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 4,3. Тереңдігі – 30 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.