Францияның Лион қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза болды

Францияның Лион қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза болды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Францияның оңтүстік шығысында орналасқан Лион қаласында жұма күні көппәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, оның 5-уі бала. Аталған ақпаратты жұма күні Рона департаментінің префектурасы растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт Лион қаласының маңындағы Вольс-ан-Велене елді мекеніндегі 8 қабатты тұрғын үйден жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 03:01-де шыққан, деп хабарлады жергілікті әкімшілік өкілдері.

Префектура өкілдері өртпен күреске 170 өрт сөндіруші жұмылдырылғаннын хабарлады.

Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.