Ескі 5 мың теңгені қашанға дейін өткізу керек?

Ескі 5 мың теңгені қашанға дейін өткізу керек?
Сурет: интернеттен

Жаңа банкноталар наурыз айында жаппай айналымға түседі. ⠀

Қазақстан Ұлттық Банкі «Сақ стилі» сериясы бойынша шығарылған жаңа банкноталардың бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға енетінін еске салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал ескі және жаңа банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленеді. Бұл стандартты түрде – 1 жыл, бірақ Ұлттық Банк бұл мерзімді ұзартуға құқылы.⠀

«Айналымда қатар жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноталарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайтын болады. Ал Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды мерзімсіз қабылдай береді», делінген Ұлттық банк сайтындағы хабарламада.

Номиналы 5 000 теңгелік банкноталар 2024 жылдың наурыз айында жаппай айналымға түседі, себебі тиісті жабдықтарды (банкомат, терминал және т.б.) бейімдеп, елдің барлық өңіріне жеткізу үшін белгілі бір уақыт қажет.