Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылуы мүмкін

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылуы мүмкін Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тиісті бұйрығында көрсетілген.


Құжатта жазылғандай, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия осы бағыттағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылады. Ол уәкілетті орган жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган қызметін атқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Комиссия өз қызметiнде ҚР Конституциясын және заңдарын, ҚР Президентiнiң және ҚР Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы сәйкес режені басшылыққа алады», - делінген құжатта.



Комиссияның негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:


- ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін анықтау, талдау;


- ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру;


- ақпаратты ашық түрде орналастыру арқылы артық құжат айналымын азайту мәселелерін анықтау, талдау;


- ақпарат иеленушілердің ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Консультативтiк-кеңесшi органның құрамына Сенаты пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласында ғылыми және сараптамалық білімі бар тұлғалар енеді. Комиссияның кемінде тоғыз мүшесі болуы тиіс.


Бұйрықты ашық талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17