Боксшыларымыздың әлем чемпионатындағы аяқ алысы қандай?

Боксшыларымыздың әлем чемпионатындағы аяқ алысы қандай?
Cурет: Olympic.kz

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты

Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша, Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Ал 54 келі салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.