Есеп берсеңіз қаржы қайтарылмайды, бермесеңіз қайтарылады

Есеп берсеңіз қаржы қайтарылмайды, бермесеңіз қайтарылады
Сурет: интернеттен

Елімізде утилалым алып тасталады ма, әлде?..

Көптің көкейіндегі сауалды Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа БАҚ өкілдері қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Біз бұл салада монополияға жол бермейтін және қара металл сынығын қайта өңдейтін жаңа бағдарлама дайындап жатырмыз. Қазір біз кез келген бизнес субъектісіне автомобиль құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын нарықта утилизациялауға мүмкіндік беріп отырмыз», деп жауап берді министр.

Елімізде утилизациялауды жүзеге асыратын неге бірде бір зауыт жоқ?-деген сұраққа министр Қарағанды зауытын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралып жатқанын жеткізді. Ал «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбаев утилалымы жұртшылыққа қайтарылатынын, алайда бәріне бірдей қайтарылмайтынын айтты.

Ол өз сөзінде: «Негізі төлем жасалғаннан кейін арада бір жыл өтуі керек. Өйткені қайтаруды шектейтін нормалар бар. Егер сіз салықты төлеп, салық органдарына есеп беріп қойсаңыз, онда төлемді қайтару мүмкін емес», - деді Е.Сәрсенбаев.