Ержан Бабақұмаров Алматыда сервистік полицияны енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді

Ержан Бабақұмаров Алматыда сервистік полицияны енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
almaty-akshamy.kz

Отырыс барысында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл» пилоттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Сервистік полицияның пилоттық жобасы Алатау ауданы аумағында жүзеге асырылуда. Басты мақсат – жергілікті тұрғындармен әріптестік арқылы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Отырыста құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі арнайы ведомствоаралық топтың жұмысы туралы есеп тыңдалды. Бұдан басқа, жаңа форматтағы жұмыстың туындаған мәселелерін шешу жөніндегі шаралар қаралды.

ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар жөніндегі Жоғарғы Комиссарының түрлі қоғамдарды біріктіру жөніндегі Любляндық ұсыныстарына сәйкес арнайы топқа ауданда тұратын ұйғыр, қырғыз және дүнген қауымдастықтарының өкілдері кірді.

Отырыста адам құқықтары жөніндегі Хартияның атқарушы директоры, Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова, сондай-ақ Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, Алатау ауданы ЖПҚ ПБ-ның қоғамдық полиция көмекшісі Әсел Жұмағалиева өз ұсыныстарын айтты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров отырыстың жұмысын қорытындылай келіп, жобаны іске асыру барысында әлеуметтік сауалнаманың алдын ала тұжырымдары мен қоғам қайраткерлерінің ұсыныстарын ескеруді тапсырды. Бұдан басқа, келесі жылға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар пакетін әзірлеу қажет.