Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: интернеттен

Жиында қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі талқыланады.

Сейсенбі, 12 наурыз, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде:

  1. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
  2. қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook әлеуметтік желісінен көре аласыздар.

Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.