Айнұр ДАУЫЛБАЕВА: Сындарлы сәттен де сүрінбей өттік!

Айнұр ДАУЫЛБАЕВА: Сындарлы сәттен де сүрінбей өттік!

Біз өзіміздің адами парызымызға адалдық таныттық.  

Алматыдағы №7 Оқушылар үйінің директоры Айнұр Дауылбаева кезектен тыс өткен президент сайлауына байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Сындарлы сәтте еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау көрсетті. Ұлт болып ұйысып, мемлекетіміздің тұтастығын сенімді азаматқа табыс еткенімізді айқындап алдық. Осынау тарихи сайлаудағы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеңісі халықтың Мемлекет басшысының прогрессивті реформалары төңірегінде бірігуінің айқын көрінісі болды дер едім. Біз өзіміздің адами парызымызға адалдық таныттық. Осынау  сәтте баршамыз ауызбіршілікте болып, Қазақстанның бүгіні мен болашағына алаңдаған әр азаматқа үлкен жауапкершілік жүгі артылып тұрғанын түйсігімізбен түсінгеніміз мені қуантады. Ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз ретінде Әділетті Қазақстанды құру жолындағы еңбегіміз жемісті болсын! Еліміздің келешегінің кемел де жарқын болуына әрқайсымыз атсалысайық дегім келеді»,- деді Айнұр Дауылбаева.