Ертең күн жылы болады

Ертең күн жылы болады
Сурет: Самат Құсайынов

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хъабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

Қазақстанда түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжанып отыр. Батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +9+11°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С.