Ертең Дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне орай дабыл қағылады

Ертең Дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне орай дабыл қағылады
Cурет: ашық дереккөз

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

♦️2023 жылғы 1 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 10 минутта республикалық құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеріледі. 
♦️Оқу-жаттығу тексеруі электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізілгені туралы халыққа хабарлайды. 
♦️Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.
♦️Барлық ересек  адамдар өздері үрейге берілмей,  балаларға  сиренаның дыбысы - «Баршаның назарына!» дабылы екендігін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз-олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін.
♦️ Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.
♦️Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен  қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!  
♦️Сонымен қатар, сиреналар дабыл дыбыстарын іске қосқан кезде білім беру мекемелерде, адамдардың жаппай жиналатын орындарда, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады.