Ертең Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

Ертең Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді
Сурет: Ult.kz

Алматылықтарға үрейленбей, сыртқа шығу ескертілді.

20 сәуірде Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтіп, сағат 11:00-де қала бойынша дабыл қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Сейсмикалық оқу-жаттығу басталмас бұрын, апаттық сөмкені дайындаңыз, қауіпсіз жерге шығу жолын анықтаңыз. Қауіпсіз жер - бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылын естіген кезде, сабыр сақтап, ғимараттан шығыңыздар", - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Мамандар төтенше жағдайларға дайын болу адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін атап өтті.

"Баршаңызды сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуды сұраймыз!" – деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.