Ертең Әуезов ауданында суық су болмайды

Ертең Әуезов ауданында суық су болмайды
Сурет: Vesti.ua

Су беру объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыруға байланысты суық су болмайды.

Алматының Әуезов ауданындағы бірқатар ғимараттар бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«15 қыркүйекте сағат 8: 00-ден 24: 00-ге дейін Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, сондай-ақ Достық ықшамауданының Ұлағат көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады», - деп жазды «Алматы су» МКК өзінің инстаграм парақшасында.

Компания уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Анықтама үшін телефон: 274-66-66.