Алматылық студент қазақша сөйлейтін робот жасады

Алматылық студент қазақша сөйлейтін робот жасады
Сурет: 24.kz

Студент Жанғали Мақсұтов темірге тіл бітірді.

Темірге тіл бітіріп, қозғалысқа келтіру үшін 130 мың теңге жұмсалыпты.

Ізденімпаз студент бұл роботты жасап бітіру үшін төрт жыл талмай еңбектенген. Бұған дейін 4 робот құрастырыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының мәліметінше, Жанғалидың робот жасауға деген қызығушылығы 7-сыныпта ояна бастайды. Ал «Тайрант-5»-тің ерекшелігі - қазақ тілінде сөйлеп, сұрақтарға жауап бере алады. Жас инженер робототехника жасаудың әліппесін интернеттен оқып үйренген.

«Осы роботты сөйлету үшін 5-10 тәжірибе жасалынды. Сол тәжірибелердің алғашқысында дұрыс сөйлей алмады. Екіншісінде колонкасының дауысы дұрыс шықпады. Үшіншісінде сымдар дұрыс байланыспай қалды. Сөйтіп, көптеген тәжірибелердің арқасында осы дүнием сапалы боп шықты. Роботтың алғашқы сызбасы мен нобайы төрт жыл бұрын сызылды. Биыл корпусы жасалып, бағдарламасы орнатылды. Алдағы уақытта осындай роботтардың басқа түрлерін жасап, ауыл шаруашылығында, медицинада, өндірісте қызмет ететін темір роботтарды қолданысқа шығарғым келеді, - дейді Жанғали Мақсұтов.