«Ерменсай» электрмен жабдықтау желісі Алматының балансына беріледі

«Ерменсай» электрмен жабдықтау желісі Алматының балансына беріледі
news.myseldon.com

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы өзекті мәселенің бірі «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» ЖШС «Ерменсай» шағын ауданына электрмен және сумен қамтамасыз ету қызметтерінің сапасыз екенін атап өтті. 

«Табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген тексерулердің нәтижесінде осы кәсіпорынның қызметінде бұзушылықтарды анықтады. Сонымен қоса ауданның полиция басқармасы осы жылдың 20 маусымында кәсіпорынның тарапынан заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Әкімдік жүргізген келіссөздерден кейін 26 маусымнан бастап 5,2 км электрмен жабдықтаудың әуе желілерін қаланың балансына беру жұмыстары жүріп жатыр. Оны 2023 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған», - деді ол.