Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Сурет: Экология және табиғи ресурстар минстрлігі

Бүгін «Семей орманы» резерватында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемориалдық тақтаны ашу құрметін орман шаруашылығының ардагері, Новая-Шульба филиалы Центральное орманшылықтың шебері Александр Сергеевич Решетин қабылдады.

Орман өртімен күрескен батырлардың құрметіне мекеме ұжымы мен жақын туыстары бастарын иіп, бір минут үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.

«Алапат өрттерден орманды және адамдарды қорғауда қаза тапқан батырлардың ерлігі ұмытылмауы үшін, ормандарды сақтау мен қорғаудағы ауыр да, қауіпті еңбекті келешек ұрпақтың жадында сақтау үшін, ерлік көрсеткен әріптестеріміздің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнаттық. Өмір – ең қымбат қазына. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Олар біздің жадымызда мәңгі сақталады», - деді «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» бас директорының м.а. Әсемгүл Нысамбекова.