Сайлау учаскелері пандустар және тактильді көрсеткіштермен жабдықталды

Сайлау учаскелері пандустар және тактильді көрсеткіштермен жабдықталды Сурет: Elorda.info

Елдегі 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінің басым бөлігі пандустар және тактильді көрсеткіштермен жабдықталды.


Кресло-арбаны пайдаланатын азаматтар үшін дауыс беруге арналған кабиналар қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.


Сондай-ақ, трафареттер, инватакси мен сурдоаудармашылар қызметі де қолжетімді болмақ. Мұның бәрі мүгедек жандардың саяси науқанға толыққанды қатысып, дауыс беруі үшін жасалып отыр дейді Сенат депутаты.



"Елімізде халықтың 3,8 проценті мүгедектігі бар азаматтар санатына жатады. Ал олардың шамамен 400-500-і сайлауға қатысуға мүмкіндігі бар. Әрине, мамандар үйлеріне барып, дауыс беруін қамтамасыз ете алады. Бірақ басым бөлігі учаскіге өздері барып, азаматтық позициясын білдіргісі келеді", - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22