Ерекше қорғаудағы аумақтардан аң аулауға тыйым салынды

Ерекше қорғаудағы аумақтардан аң аулауға тыйым салынды
Сурет: Мosregtoday.ru

Бұйрық 2022 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әуесқой (спорттық) аңшылыққа тыйым салу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дегенмен мұндай аймақтарда рұқсат етіледі:

әуесқой (спорттық) балық аулау;

қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру, бақ шаруашылығы;

арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаю мақсаттарында жол беріледі.

Бұл ретте, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң шектелген шаруашылық және туристік-рекреациялық қызметi аймақтарында және мемлекеттiк табиғи резерваттардың буферлік аймағында әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол берiлетiнi көрсетiледi.