Ердоған Зеленскиймен сөйлесті

Ердоған Зеленскиймен сөйлесті
Сурет: РБК

Тараптар Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістерді талқылады.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаның мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Тrthaber-ге сілтеме жасап.

Президенттік коммуникациялар басқармасы жасаған мәлімдемеге сәйкес әңгіме барысында Түркиядағы жер сілкіністері мен осыдан бір жыл бұрын басталған Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер талқыланды.

Ердоған зілзала кезінде Түркияның жанынан табылған Украина президенті Зеленскийге алғыс айтты.

Сондай-ақ, Түркияның мемлекет басшысы бір жылға созылған Ресей-Украина соғысын тоқтату, келіссөздер арқылы шешімге келу және бейбітшілікті қалыптастыру үшін қолдан келгенше үлес қосуға дайын екендігін білдірді.