Ерболат Досаев жаңа тағайындау туралы қауесетке тағы да түсініктеме берді

Ерболат Досаев жаңа тағайындау туралы қауесетке тағы да түсініктеме берді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

ОКҚ брифингі барысында БАҚ өкілдері Алматы әкімі Ерболат Досаевтан оны келесі премьер-министр етіп тағайындау туралы кейбір сарапшылардың болжамдарына түсініктеме беруін сұрады. 

"Бұл сұрақ маған ОКҚ-де маусым айында өткен  брифинг кезінде қойылған еді, енді міне тағы да қайталанып отыр. Бүгін мен сіздерге Алматыны дамыту бойынша  атқарылатын жоспарлар туралы айттым. Мен   орындалуы тиіс қазіргі  жұмыстарға  ғана назар аударамын. Егер сіз тереңірек  үңіліп, қазіргі жұмысыңыз ұнай ма деп сауал қойсаңыз, онда мен еш ойланбастан  ия, ұнайды деп жауап беремін. Жұмысым өркенниетті әрі  осы бағытта өз қызметімді жалғастырғым келеді", - деді әкім. 

Ерболат Досаев: "Мүмкін тағайындауға  қатысты мәселелер сарапшылардың да, менің де құзыретінде емес. Үкімет те, әкімдер де жұмыстарын жасауда әрі  әрқайсысы өз деңгейінде. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Менің   жеке басыма назар аударғаныңыз үшін тағы да рахмет. Бірақ менің жоспарларымда тұрған басты мәселелер қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру".