Түні бойы ән айтып, би билейді...

Түні бойы  ән айтып, би билейді...
Сурет: Arbatmedia.kz

Ерболат Досаев Арбаттағы шуға қатысты мәселенің қалай шешілетінін айтып берді

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына сұрақтарын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алмалы ауданы тұрғынының сұрағы: Мен Арбаттың жанында тұрамын және біздің сауалымыздың орындалғаны үшін әкімдікке алғыс айтқым келеді. Бізді Арбаттағы қауіпсіздік, үнемі скутерлер, мотороллерлер, олардың, жылдамдығы қатты алаңдататын. Қазір бұлардың барлығына тыйым салу белгілерін қойды, мұнда жүру қауіпсіз болды, адамдар серуендеп, өте риза. Біз Арбаттың қаланың өте әдемі бөлігіне айналғанын қалаймыз – Панфилов көшесінде музыканттар ойнай алатындай орын бөлуді сұраймыз, өйткені олар түні бойы терезелеріміздің астында билеп, ән айтады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Менің ойымша, бұл біздің халқымыздың мәдениеті. Кешкі 11-ге дейін ән айтуға және билеуге рұқсат етіледі. Түнгі  11 ден кейінгі мәселе заңмен шешіледі. Егер біз Панфиловтың бір жерінде орын бөлетін болсақ, онда басқа адамдардың пәтерлері бар емес пе. Егер біз орын беретін болсақ, екінші  жерде мәселе туындайды. Сондықтан, керісінше, біз не істеу керектігін реттеуге тырысамыз және музыканттарымызды, бишілерімізді және т.б. қолдаймыз, бірақ заң аясында. Қазір біз жастарға арналған жаңа шығармашылық орталықтар құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, онда өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік болады.