Франция мектептерінде киім тәртібі қатаңдатылып жатыр

Франция мектептерінде киім тәртібі қатаңдатылып жатыр
Сурет: Vogazeta.ru

Францияның мемлекеттік мектептерінде жаңа оқу жылында қыздардың жаулық тағуына ғана емес, сонымен қатар, мұсылманша абайа, яғни, ұзын әрі кең көйлек киюіне тыйым салынады.

Мұны осы елдің білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Сыныптарда оқушылардың сыртқы көрінісі бірден дінді байқатпауы керек», - дейді ол.

Франция халқының 5 миллионы - мұсылмандар. Оңшыл саясаткерлер мұсылманша киімге қатысты тыйымды күшейтуді қолдап отырса, солшылдар мұндай заңдар әйелдер мен дін жолындағылардың құқығын таптайды деп есептейді.