Елімізге "стелс-омикрон" келген жоқ

Елімізге "стелс-омикрон" келген жоқ
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда қазір коронавирустың "омикрон" штамы басым, сондай-ақ "дельта" штамы мен "Ухань" штамы анықталып жатыр.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, Қазақстанда "стелс-омикрон" штамы жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Комитет өкілі елде "стелс-омикрон" штамы пайда болса, одан тек вакциналау және ревакциналау арқылы ғана қорғануға болады дейді.

«Қазір Қытайда және басқа көрші елдерде айналымда жүрген "стелс-омикрон" штамы бізде тіркелмеген», - деді Байтанаев.

"Стелс-омикрон" қазір COVID-19 инфекциясының ең жұқпалы түрі саналады.

Жаңа штамға байланысты Қытайдың Шанхай қаласында белгісіз мерзімге дейін толық локдаун енгізілді – адамдарға үйден шығуға тыйым салынған, ал қалаға коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізу үшін мыңдаған медицина қызметкері жіберілді.