«7-20-25» бағдарламасы ұзартыла ма?

«7-20-25» бағдарламасы ұзартыла ма?
Сурет: Еgemen.kz

Министр Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінде халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қолдап отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағдарламаны ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«7-20-25» бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз», - деді Өскенбаев.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспананы сатып алуға болады.

Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек.

Мөлшерлеме - 7%, ең төменгі жарна - кемінде 20%, мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарламаның нақты мерзімі жоқ. Бірақ оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланып отыр.