Енді такси мен жеткізу қызметтері де салық төлейді

Енді такси мен жеткізу қызметтері де салық төлейді
Сурет: Kolesa.kz

Ол үшін интернет-платформалық жұмыспен қамтылғандар арнайы тіркеуден өтуі керек.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастау қажет, оның шеңберінде интернет-платформалар операторының орындаушылар үшін салық міндеттемелерін орындауы сынақтан өткізілетін болады", – деп атап өтті вице-министр.

Жақын арада заңнамаға интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынасты нақты реттейтін түзетулер қабылданады деп күтілуде. Жалпы, аталмыш өзгерістер интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба аясында жүзеге асып жатыр.