Енді мемлекеттік қызметкерлер журналистерге 3-5 күнде жауап береді

Енді мемлекеттік қызметкерлер журналистерге 3-5 күнде жауап береді
Сурет: Тengrinews.kz

Бұл ақпарат жағынан ашық болуды арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейтеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік қызметкерлердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады", - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ақпарат жағынан ашық болуды арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейтеді.

"Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілетін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету", - деді Дархан Қыдырәлі.