Енді екпе сертификаты да, ПТР тесті де қажет емес

Енді екпе сертификаты да, ПТР тесті де қажет емес
ustaliy.ru

Британия билігі саяхаттаушылар үшін ковид шектеулерін түгел алып тастады

Әлемнің көптеген мемлекетінде коронавирус шектеулері алынып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Елдер арасындағы шекаралар ашылып, барыс-келіс жеңілдеді. Сарапшылар жаппай вакциналау арқылы қауіпті індеттің бетін қайтардық деп отыр.

Британия билігі саяхаттаушылар үшін ковид шектеулерін түгел алып тастады. Енді екпе сертификаты да, ПТР тесті де қажет емес. Әуежайға бетпердесіз кіре аласыз. Лондондағы ең ірі әуежайлардың бірі Хитроу, тіпті ғимарат ішінде бетперде киіп жүруді міндеттемейді.

Үкіметтегілер мұндай жетістікті вакциналау бағдарламасының сәтті өтуімен байланыстырады.

Ресми статистика бойынша, 52 миллионға жуық британдық азамат екпенің бірінші дозасын, 49 миллионы екінші, ал 38 миллионы бустерлі вакцинаны алып үлгерген.