Еліміздің экспедициясы бабалардан белгі қалған жерлерді аралауда

Еліміздің экспедициясы бабалардан белгі қалған жерлерді аралауда
Сурет: Drive2.com

Көне мұра - ел қазынасы

Қазақстандық экспедиция бабалардан белгі қалған жерге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

XV ғасырда Ресей аумағында Қасым хандығы болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Оны Қазан ханы Мұхаммедтің ұлы Қасым құрған. Хандық 200 жылдан артық билік еткен. Қасым хандығы құрылғаннан құлағанға дейін Шыңғыс хан ұрпағынан 14 адам билік еткен.

Олардың арасында Қазақ хандығын құрған Жәнібектің ұрпағы Ораз Мұхаммед Онданұлы бар. Бүгінде оның жерленген жеріне мемориалдық тақта орнатылды. Бабалардан белгі қалған жерге қазақстандық экспедиция арнайы келді.

«Қасым хандығын Ресейге бағынбайтын жеке мемлекет ету ол кісінің ойында болды. Мүмкін сол үшін де I Лжедмитрий, II Лжедмитрий байланысып, кейінгі кезде солардың жағына шықты. Осындай бір қылығын байқаған Лжедмитрий жендеттеріне оны өлтіруді тапсырады», - деді, - деді «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов.

Қасым хандығы құрылған сәттен бүгінге дейін сақталған жалғыз нысан – мұнара, биіктігі – шамамен 22 метр. Мұнда кейбір хандық билеушілерінің сүйегі жерленген. Бүгінгі Қасым қаласының маңындағы жазық дала бұрын зират болған, оның дәлелі – кесене. Ішінде тарихта аты қалған 5 адамның белгітасы бар. Соның бірі – Қадырғали Жалайыр.