Нұр-Сұлтанда «Nomad: black and white» көрмесі өтті

Нұр-Сұлтанда «Nomad: black and white» көрмесі өтті
Сурет: Qazaqtv.com

Мәні терең көрме

Елордада «Nomad: black and white» көрмесі таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

«Nomad: black and white». Дәл осындай атаумен елордада белгілі график-суретші Батухан Байменнің көрмесі көпшілік назарына таныстырылды. Линогравюра жанрында жұмыс істейтін шебер көшпенділердің мәдениетін арқау еткен.

Автор бүгінде өз жұмыстарын халықаралық деңгейде оның ішінде Германияда, Түркияда, Кипрде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Қазақстанда таныстырып келеді.

- Бүгінде линогравюра өнерін дәріптейтін суретшілер аз, - дейді шебер. Жастарға гравюраның не екенін, оның қаншалықты ерекше бола алатынын көрсету мақсатында осы көрмені ұйымдастыруды жөн көрген.

Айта кетейік, суретшінің биографиясында бұл 13-ші жеке авторлық көрмесі. Елордадағы экспозицияға 50-ге жуық туынды қойылды.