Елімізде жалған вакцина паспортын жасаудың 30 фактісі анықталды

Елімізде жалған вакцина паспортын жасаудың 30 фактісі анықталды
Сурет: Etu.ru

Жалған вакцина паспортын саудалау әлі де тыйылар емес

Жамбыл облысы Аса ауылына қарасты емхана қызметкерлері құжатты 15 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Almaty.tv cайтының хабарлауынша, олар екпе алмаған адамдарды вакцина алды деп көрсетіп, деректер базасына енгізіп отырыпты. Бұл туралы құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Дерек бойынша, Қаржылық мониторинг агенттігі күдікке ілінгендерді тергеп жатыр. Полиция тексеруі кезінде жалған паспортқа тапсырыс бергендер де анықталады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 вакцина паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда агенттік жалған вакцина паспортын жасаған 30 деректі анақтады»,– деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі Гаухар  Сапарбаева.