Алматы әскерилері Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

Алматы әскерилері Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Шараға әскерилермен бірге марқұмның қызы да қатысты.

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – ел әскерінің мақтанышы әрі армияның іргетасын қалаушы. ҚР Қарулы Күштердің барлық жауынгерлік буыны үшін ол табандылықтың, батылдықтың және Отан алдындағы антына шын берілген тұлғаның үлгісі. Біз оның кітаптарын, естеліктерін, майдандағы ерлігі мен бейбіт уақытта жанқиярлық еңбектерін біліп тәрбиелендік. Оның өзіне тән қайсарлық, мақсат қойғыштық және әскери антқа адалдық секілді қасиеттерінің арқасында Қазақстан әскері мұрасын сақтап қана қоймай, оны дамытты», - деді десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында дүниеге келген.