Елімізде су ресурстарын пайдаланудың тиімділігі артады

Елімізде  су ресурстарын пайдаланудың тиімділігі артады
Сурет: Egemen.kz

Алдағы жылдары 9 ірі су қоймасы салынады

Үкімет отырысында белгілі болғандай, республикада алдағы 5 жылда ұзындығы 2,5 мың километрге жуық 120 канал қайта жаңғыртылып, 9 ірі су қоймасы салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жаңа нысандарды салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану жыл сайын 6,4 текше км көлемінде қосымша су ресурстарын жинақтауды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Премьер-Министр.

Бұл елдегі суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге және, тұтастай алғанда, экономиканың барлық саласының тиімді дамуына ықпал етеді. Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай міндет қойғанын айта кеткен жөн. Жалпы, 2030 жылға қарай суармалы алқаптарды 3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жауапты ведомстволар мен әкімдіктерге тиісті Жол карталарын әзірлеу тапсырылды.