Алматыда банк тонағандар сотталды

Алматыда банк тонағандар сотталды
Сурет: Tengrinews.kz

Бір жыл бұрын болған қылмысқа қатысты сот шешімі шықты

Алматыда өткен жылдың қазан айында банк тонаған үш адам сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық сотының маусымдағы үкімін қалалық соттың аппеляциялық комиссиясы өзгеріссіз қалдырды. Ресми мәліметтер бойынша, қарақшылар банкке 2 394 830 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Нәтижесінде сот Әбілкәрімов пен Степановты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Қарақшылық» ісі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал Өмірзақовқа «Қарақшылық» бабымен қатар «Алаяқтық» бойынша да айып тағылды. Ол 2019 жылы риелтор болып, пәтер сатып алмақ болған 7 адамның қаражатын жымқырған. Шығынның жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды.