Елімізде КВИ вакцинасын салдырған оқушылар саны 141 мыңнан асты

Елімізде КВИ вакцинасын салдырған оқушылар саны 141 мыңнан асты
Cурет: Ашық дереккөз

Вакцина алған жүкті әйелдер – 10 451

Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы екпе алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 11 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 846 068 адам салдырған.
Екпенің II компонентін алғандар саны - 8 277 848 адам.

10 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 177 526 адам, ІІ дозасын - 12 663 адам салдырды.

Оның ішінде:
І компонент
Жасөспірімдер – 141 798
Жүкті әйелдер – 10 451
Бала емізетін әйелдер – 25 277.
ІІ компанент
Жасөспірімдер – 9 259
Жүкті әйелдер – 1 026
Бала емізетін әйелдер – 2 378.