Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны артты

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны артты
Cурет: Ашық дереккөз

Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 995 329 адам алды

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина алғаны жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 30 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 291 167 адам салдырған.

Ал екпенің екінші компонентін 7 491 227 адам ектірді.