Елімізде екпе алудан Алматы көш бастап тұр

Елімізде екпе алудан Алматы көш бастап тұр
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 1370 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«17 қазан күні 1370 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 572, II компонентін 798 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 қазан аралығында қалада 978 172 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 911 923 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 755 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункттері жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.